03 май 2024 0 1 2 3 4 5 Тараз қалалық Өрт сөндіру бөлімі құтқарушыларымен жоспарға сәйкес өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Бөбекжай-бақшамызда Тараз қалалық Өрт сөндіру бөлімі құтқарушыларымен жоспарға сәйкес өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу алдында бөбекжай-бақша тәрбиешілері мен қызметкерлеріне, сондай-ақ және бөбекжай-бақшадағы балаларға өрт оқиғасы туындағанда атқарылуы тиіс әрекеттер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ олармен эвакуациялау жұмыстары атқарылды. Жаттығуға өрт сөндіру бөлімінен 14 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу соңында техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.