Қамқоршылық кеңес құрамының құрылуы туралы хабарландыру » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-31-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес құрамының құрылуы туралы хабарландыру
15
сентябрь
2025

Қамқоршылық кеңес құрамының құрылуы туралы хабарландыру



"Білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының негізінде №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасында Қамқоршылық кеңес құрамының құрылуы туралы хабарлаймыз.

Кеңес құрамына:
- осы білім беру ұйымында тәрбиеленушілердің ата-аналары немесе заңды өкілдері;
- педагогикалық еңбек ардагері -1 адам;
- жергілікті өкілдік немесе атқарушы, құқық қорғау органдарының өкілдері;
- Үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйым өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар немесе меценаттар (бар болса);
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) - 1 адам.

Үміткерлер Комиссияға мына құжаттарды ұсынады:
- өтініш (еркін түрде);
- жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі;
- түйіндеме;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
- үміткерлер өздерінің кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру орналасқан күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады. 

Байланыс телефоны: 54-31-03.
Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, "Бәйтерек" мөлтекауданы, №8 үй, №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив