2023 жыл қорытындысы » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-31-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2023

2023 жыл қорытындысы

2023 жыл қорытындысы бойынша №37 “Бәйтерек” бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны біршама жетістіктерге жетті.


Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында бөбекжай-бақша 100% бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. Барлығы 8 бейнебақылау камерасы жедел басқару орталығына қосылған. Бөбекжай-бақшаға турникет орнатылып, балалардың қауіпсіздігі  басты назарға алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын арнайы санаттағы отбасылардан шыққан 14 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 

5 қазан “Ұстаздар күні мерекесіне орай бөбекжай-бақшамыз Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Педагогтардың біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. 2023 жылы бөбекжай-бақшадағы барлық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Педагогтардың білімін  бағалау бойынша Д.Ж.Куандыкова – педагог-модератор, 29.08.2023 жылғы №1239 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беру ісінің үздігі – 2023» республикалық байқауына белесене қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Л.Е.Кенбаева  «Білім беру ісінің үздігі» номинациясының дипломымен марапатталды.

Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарында педагогтардың озық педагогикалық тәжірибелері мен жұмыстары жарияланды.

Ағымдағы жылы бөбекжай-бақшамыз қалалық білім бөлімі ұйымдастырған байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 

w“Халықаралық әйелдер күніне арналған мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған “Ана, әже және мен” атты байқауда бөбекжай-бақшамыздың тәрбиеленушісі Аяла Рысқали Бас жүлде дипломымен марапатталды (жетекшісі А.А.Баялиева).

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған “Шымырлық пен шеберлік күні” байқауында “Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” қолөнер бөлімі бойынша бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешісі А.Серкебаева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған “Қызыққа толы сәттер” байқауында бөбекжай-бақшамыздың ересек тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Г.Б.Жумабекова).

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған “Балаларға базарлық”  кітап бұрышы байқауында бөбекжай-бақшамыздың ересек тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Б.Д.Борангазиева).

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған “Мен зерттеушімін”  байқауында бөбекжай-бақшамыздың тәрбиеленушісі Айым Жомартбек !ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі К.Н.Тайшабарова).

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған “Өнерлі бала”  байқауында бөбекжай-бақшамыздың ересек тобы !ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Д.Ж.Куандыкова).

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған “Қазақшаң қалай, балақай?” байқауында бөбекжай-бақшамыздың ересек тобына “Үздік ұйымдастырылған бірлескен іс-әрекет” номинациясы беріліп, дипломмен марапатталды (жетекшісі К.Н.Тайшабарова).

wМектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған “Менің елім - Қазақстаным”  патриоттық әндер байқауында бөбекжай-бақшамыздың ересек тобы І дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Д.Ж.Куандыкова).

wМектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында ұйымдастырылған “Ойыншықтардың таңғажайып әлемі”  атты байқауында бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешісі А.Т.Серкебаева І дәрежелі дипломмен марапатталды.

w“Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибесі және болашағы” атты мектепке дейінгі ұйымның педагогтары арасында ұйымдастырылған қалалық педагогикалық оқудың жеңімпазы А.А.Баялиева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

wҚалалық “Ғажайып ертегілер елінде” атты бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері арасында өткізілген байқауда үздік өнер көрсеткені үшін бөбекжай-бақшамыз І орын дипломымен марапатталды (жетекшісі Б.Д.Борангазиева)

wЭтностардың (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балалармен бірге қатысуымен өткізілген “Шаңырақ” қалалық байқауында бөбекжай-бақшамыздың ересек тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Н.Р.Далбаева)

wОблыстық “Жүрегімді балаларға арнаймын” атты фестивальге бөбекжай-бақшамыз Тараз қаласының атынан қатысып, Бас жүлде дипломымен марапатталды (музыка жетекшісі Д.Ж.Куандыкова).

wҰлттық өнерді меңгерген барлық этностардың мектеп жасына дейінгі балаларының қатысуымен “Өнеріміз саған - Қазақстан!” атты фестивальде бөбекжай-бақшамыздың тәрбиеленушісі Бейбіт Аруназ Бас жүлде дипломымен марапатталды (жетекшісі Ж.А.Арқұл). 

2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Республикалық, халықаралық байқаулардың нәтижесінде бөбекжай-бақшамыздың тәрбиеленушілері жеңімпаз атанып, дипломдар иеленды. 

w«Бала дарын» балалар мен жасөспірімдердің байқауы жобасының ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері арасында «Жайдарлы жаз» атты республикалық байқауға Тұрғанбек Райымбек қатысып, І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Б.Д.Борангазиева Алғыс хатпен марапатталды.

wХалықаралық «Үркер» зияткерлік орталығы бүлдіршіндердің шығармашылық дарынын айқындау, білімге деген қызығушылығы мен талпынысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Пони», «Үркер» марафондарына  қатысқан тәрбиеленушілеріміз І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, жетекшілері Алғыс хат, дипломдармен марапатталды.


Алда келе жатқан 2024 жыл тәрбиеленушілеріміз бен педагогтарымыз үшін толағай табысты жыл болсын!!!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив