12 сентябрь 2024 0 1 2 3 4 5 қалалық «Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер байқауының қорытындысы Білім бөлімінің жоспары бойынша 2024 жылдың 11 қыркүйек күні қалалық «Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер байқауы (сырттай) өткізілді. (мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен мектепалды сыныптар арасында ).Отбасылық дәстүрлерді жаңғырту, отбасылық құндылықтарға қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстан халқының мәдениетімен салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы отбасылық дәстүрлерге рухани -адамгершілік құндылықтарға баулу мақсатында:- балаларды Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлерімен, отбасы құндылықтарымен таныстыру;- отбасылық дәстүрлер мен ұрпақтар арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ету;- мектеп жасына дейінгі балалардың дербестігін ынталандырып, еңбекқорлыққа баулу;- “Әжелер мектебі”, “Аталар мектебі”, “Аналар мектебі”, “Әкелер мектебінің” жұмысын жандандыру міндеттері қойылды. Байқауға барлығы 20 мекемеден ұсыныс түсті.Комиссия мүшелерінің шешешімі бойынша облыстық кезеңге:№8; №17; бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылды.Ал қалалық кезеңге: Мемлекеттік балабақшалар:1-орын :№6; №7; №18; №37;2-орын : №9; №15; №31; №383-орын : №20; №25 Жекеменшік балабақша : 3-орын: «Қайнар и С»,Шағын орталықтар: 3-орын: №18; №52, сонымен қатар номинациялар берілді:”№32 бб- “Үлгілі отбасы “ , №23бб - «Мейірмді отбасы»