ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-31-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ
31
декабрь
2024

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті ата - аналар , бөбекжай-бақша ұжымы, барша қазақ жұрты! Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық.
Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сіздерді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!
Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін!
Ізгі ниетпен: №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы ұжымы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив