07
октябрь
2024
,Ұстаздар күні" мерекесі құтты болсын!
,Ұстаздар күні" мерекесі құтты болсын!
Алғаш қалам алдырған,
Әріптен жол салдырған,
Тәлімінен нәр алған
Жас шыбық жас балдырған.
Оқып көзін талдырған,
Арман отын жандырған.
Сан шәкірттің жадында
Мәңгілік із қалдырған
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Болашаққа гүл еккен,
Бойға білім түнеткен.
Зерделерге шам жағып,
Қиялдан ой түлеткен.
Жақсылықты жыр еткен
Үміт күтіп түлектен.
Ізгіліктің шуағын
Ұсынған кең жүректен
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Ақыл сөзі байыпты
Жан түйсігін байытты.
Жеткіншектер санасы
Білім жайлы жай ұқты.
Сапарларға лайықты
Ақ желкенін жайыпты.
Терең теңіз-білімге
Жүздіретін қайықты
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Роза Шығанақова
Алғаш қалам алдырған,
Әріптен жол салдырған,
Тәлімінен нәр алған
Жас шыбық жас балдырған.
Оқып көзін талдырған,
Арман отын жандырған.
Сан шәкірттің жадында
Мәңгілік із қалдырған
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Болашаққа гүл еккен,
Бойға білім түнеткен.
Зерделерге шам жағып,
Қиялдан ой түлеткен.
Жақсылықты жыр еткен
Үміт күтіп түлектен.
Ізгіліктің шуағын
Ұсынған кең жүректен
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Ақыл сөзі байыпты
Жан түйсігін байытты.
Жеткіншектер санасы
Білім жайлы жай ұқты.
Сапарларға лайықты
Ақ желкенін жайыпты.
Терең теңіз-білімге
Жүздіретін қайықты
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Роза Шығанақова
