14
март
2024
Көрісу күнімен, Амал мерекесімен құттықтаймыз!

Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы. Шығыс елдерінің күнтізбесі бойынша жаңа жыл, яғни наурыз Амал айының бірінші жұлдызынан басталған.
Қыстан аман-есен шығып қауышқан ел бір-бірімен көрісіп, өткен жылғы өкпе-ренішті кешіріп, жаңа жылды жақсы үмітпен қарсы алады.
Көрісу күні тек Наурыздың басталуы ғана емес, тәрбиенің, өнегенің бастауы. Бұл күні үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, көріскендер «Бір жасыңмен» деп бір-біріне бата, тілек айтады. Ал халқымызда «Батаменен ел көгереді» деген аталы сөз бар.
Еліміздің береке-бірлігі, ынтымағы арта берсін! Көрісу күні, Амал мейрамы құтты болсын!🌷🌷🌷