13
November
2024
«КЕМПІРҚОСАҚ ТҮСТЕС ТАСТАР» ОЙЫНЫ
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол
моторикасын дамыту. Түстерді ажырата отырып, сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін арттыру.
Ойын құралдары: Түрлі – түсті тастар, үлгі суреттер.
Ойыннның барысы: Алдымен балаларға тастарды түсі, көлемі бойынша сұрыптау ұсынылады. Сұрыптауға байланысты балаларға сұрақтар қойылады. Одан кейін тастарды әртүрлі үлгі суреттерге орналастырады. Үшінші тапсырма карточкалар жиынтығы суреттерге қарап фигураларды, жануарларды, мозаикаларды және басқала заттарды құрастырады.
