29
May
2025
"Менің елім – менің бақытты балалық шағым" қалалық байқауының қорытындысы

• • • • • •
🎉 "Менің елім – менің бақытты балалық шағым" қалалық байқауының қорытындысы
📅 2025 жылдың 16 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Менің елім – менің бақытты балалық шағым" атты қалалық сырттай байқауы өткізілді. Байқау мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен мектепалды сынып балалары арасында өтті.
🎯 Байқаудың мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту;
Дарынды бүлдіршіндерді анықтау;
Би өнерін насихаттап, хореографиялық қабілеттерін шыңдау;
Ұлттық және этномәдени құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Қатысушылардың көркемдік және орындаушылық шеберлігін арттыру.
📌 Байқауға 30 мектепке дейінгі ұйым қатысты.
Комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарды бағалап, жүлделі орын иелерін анықтады:
🏆 Облыстық кезеңге жолдама алған балабақшалар:
№9, №29, №35 мемлекеттік балабақшалар
🏅 Жүлделі орындар иегерлері:
Мемлекеттік балабақшалар:
🥇 1 орын: №2, №5, №18, №47
🥈 2 орын: №3, №14, №16, №22, №30
🥉 3 орын: №20, №21, №25, №37, №43
Шағын орталықтар:
🥇 1 орын: №37
🥉 3 орын: «Балдәурен»
Жекеменшік балабақшалар:
🥇 1 орын: «Do-Re-Mi»
🥈 2 орын: «Sabi-land»
🥉 3 орын: «Үш терек», «Еркем-ай»
🎉 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бүлдіршіндердің шығармашылығына шабыт, жетекшілеріне алғыс білдіреміз!