"Таяқшаларды түстермен орналастыру" ойыны
Ойын мақсаты: Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, бағытталған ойын түрі. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Шығармалық қабілетін арттыру.
Ойын құралдары: кюизенер таяқшалары, әртүрлі карточкалар,
Ойын барысы: Таяқшалардан жол, шартақ, поезд, шаршы, тіктөртбұрыш, жиһаз, әртүрлі үйлер, гараждар құрастыруға болады. 10 таяқшадан саты құрастырамыз ең кішкентайынан (ақ) ең үлкенге дейін (қына сары) және керісінше. Саусақтармен сатыдан жүрейік. 1-10 дейін санайық. 1 таяқшадан қалдырып, саты құрастырамыз. Бала жетпейтін таяқшаларға орын табу қажет. Таяқшалардан конструктормен тәрізді көлемді заттарды да жасауға болады : құдық, мұнара, үйшік т.б. Таяқшаларды түсі, ұзындығы бойынша орналастырамыз. "Менің таяқшамның түсі тәрізді таяқшаны тауып берші . Оның түсі қандай?" "Менде қанша таяқша болса, сонша таяқша қой". "Түстерін кезектестіріп, таяқшаларды қой: қызыл, сары, қызыл, сары" (кейін алгоритм күрделенеді).
