Материалы за 08.11.2024 » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 54-31-03
bookkeeping:
+7(7262) 54-31-03
Version for
visually impaired
» Материалы за 08.11.2024
«ШЫР»  ұлттық ойыны
08
November
2024
«ШЫР» ұлттық ойыны
Ойынның мақсаты:  Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді. Ойын құралдары:  түрлі түсті асықтар, шыр ойынының тақтайы Ойын барысы:  Бұл ойынға да екіден төрт- беске дейін бала қатыса алады. Дөңгелек сызық сызып (аумағы екі-үш қарыс) ішіне әр бала бірден, не екіден біріктіріп, (бірінің үстінен бірін емес) топтастырып, асықтарын тігіп қояды. Оны «Шыр» дейді.
«ОЮЛЫ КІЛЕМШЕМЕН СЕКІРУ»
08
November
2024
«ОЮЛЫ КІЛЕМШЕМЕН СЕКІРУ»
Ойын мақсаты:  Балаларды ұлттық ою-өрнетермен таныстыру. Есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой-өрісін сөз байлықтарын дамыту. Шапшаңдыққа баулу. Ойын құралдары:  оюлы кілемше, оюлы текше. Ойын барысы:  Балалар оюлы кілемшенің екі шетіне отырады. Әр бала өз кезегі бойынша, оюлы текшені ортаға тастап, текшеде қандай ою дөп түседі, сол ою арқылы кілемшедегі бейнеленген оюлармен басып өтуі керек