13
ноябрь
2024
"ТҮРЛІ –ТҮСТІ ЭМОЦИЯ ТЕКШЕЛЕРІ" ОЙЫНЫ
Ойын мақсаты: Балалардың ойлай қабілеттерін, зейіндерін, байқағыштық қабілеттерін, есте сақтауларын дамыту.
Ойын құралдары: Эмоция текшелері, эмоция карточкалары, қоңырау.
Ойын барысы: Ойын 2-4 ойыншыға арналған. Әркім өзіне белгілі бір түсті текшелерді таңдайды. Текшелердің түсіне сай ұсынылған үлгі бойынша әр ойыншы өз эмоция текшелерін жинап, құрастыруы қажет. Суреттегі эмоцияны біріншіболып құрастырған бала жеңеді. Жеңімпаз картаны өзіне алады, келесі карта қойылады.Ойын осылай жалғасады . 10 карточканы бірінші болып жинаған бала жеңіске жетеді.
