Ата-аналар назарына » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-31-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июль
2023

Ата-аналар назарына

Ата-аналардың назарына!
 Тараз қаласының білім бөлімі Сізге балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру «Мектепке дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезегі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 464 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап edugarden.kz порталының тоқтауына байланысты бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіліп отыр.
 Жолдама алу үшін ата-аналар баланы E-gov веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы кезекке тіркейді. Интеграция бойынша кезекке тіркелген өтінім "Е-әкімдік" ақпараттық жүйе сайтында орналастырылады.
 "Е-әкімдік" бағдарламасын білім бөліміне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ арнайы ақпараттық арна арқылы қол жеткізуді ұсынады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының бос орындары туралы ақпарат орындардың босатылуына қарай білім бөліміне түседі. Жолдамаларды беру кезек тәртібімен өтеді. Балабақшалардағы бос орындар туралы ақпарат ата-аналарға қол жетімді.

 Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына сәйкес бос орындарға жеңілдігі бар және растайтын құжаттарды ұсынған ата-аналарға ұсынылады. Содан кейін, бос орындар жалпы кезектегі тіркелген балаларға беріледі. Балабақшаға жолдама алу үшін баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім бөліміне ата-анасының жеке куәландыратын құжаттармен және баланың туу туралы куәлігімен келу қажет. Бос орындар туралы ақпаратты К..Қойгелді көшесі, №190, 1 қабат, № 2 кабинет мекенжайы бойынша немесе 8(7262) 54 74 63 байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив