«БЕСТЕМШЕ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: Бестемше ойыны– математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау – оның негізгі өзегі. Ойын барысында қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял т.б. танымдық қабілеттерінің артады, тілдері дамиды.
Ойын құралдары: Ойын тақтасы – 2 орда , 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойынбасында әр ойыншыға бір орда, бес отау және 25 шардан тиесілі.
Ойын барысы: Жүрісті кімнің жүретіні келісімімен анықталады. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар шарды қолға алып,біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз, егер соңғы шар қарсыластың тақ санды шары бар отауына түсіп, ондағы шарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы шарлар ұтып алынып, өз ордамыз ға салынады. Егер соңғы шар қарсыластың отауына түсіп, ондағы шардың саны тақ бол са немесе өз отауымызға түссе, шар ұтып алынбайды.
