4 маусым - Рәміздер күні » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 54-31-03
bookkeeping:
+7(7262) 54-31-03
Version for
visually impaired
» » 4 маусым - Рәміздер күні
04
June
2024

4 маусым - Рәміздер күні

4 маусым - Рәміздер күні

🇰🇿Рәміздер – мемлекет дамуының ажырамас бөлігі, баршаңызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Кез келген ел, кез келген мемлекет тілімен, өзінің шекарасымен, астанасымен және рәміздерімен қадірлі екені баршамызға белгілі.

Ел дербестігін бүкіл әлемге танытушы, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын дәріптеп, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер жас ұрпағымыздың отансүйгіштік сезімін оятып, сенімін нығайтады. Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін, халқымыз аман, еліміз тұтас, көк байрағымыз биік болсын! Мерекелеріңізбен!
#рәміздеркүні 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив