Балалар жұмысы » Страница 5 » №37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№37 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-31-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
«АСЫҚ АТУ»
12
ноябрь
2024
«АСЫҚ АТУ»
Ойынның мақсаты:   Балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалана отыра ұйымдастырылған ойынның шарты.  Қарсыласының қақпасындағы асықты атып өз  жағына жинау.  Балаларды дәлдікке,  ептілікке баулиды.  Балалардың қызығушылығын арттырады.  Ойын құралдары:   Асықтар Ойын барысы:  Асықты ортадан өткізу арқылы қақпаға асықты кіргізу керек.    Балалар асықты жинап ұпай жинайды.  Асықты санап жеңімпаз болады. 
«АЛУАН ТҮРЛІ БАЛЫҚТАР»
11
ноябрь
2024
«АЛУАН ТҮРЛІ БАЛЫҚТАР»
Ойынның мақсаты:   Балалардың қоршаған орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.  Дене мүшелері,  олардың пайдасы туралы білімін кеңейту. Балықтарды түсіне қарай атап тануға, жем шашуға үйрету. Қоршаған ортаға табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.   Сөздік қорын молайту. Ойын құралдары:   Ағаштан жасалған түрлі балықтар жане қармақ. Ойын барысы:  Балалар қармақ арқылы түрлі балықтарды аулап,   толықтырады
«ҚУЫРШАҚТЫҢ ШАШЫН ӨРУ»
11
ноябрь
2024
«ҚУЫРШАҚТЫҢ ШАШЫН ӨРУ»
Ойынның мақсаты :  ұсақ моториканы дамыту; табандылық, ұқыптылық және зейін. Ойын құралдары:  бұрымды қуыршақтар   Ойын барысы . Балаларға үш бұрымды өрудің негізгі әдісін көрсету. Бала бір немесе бірнеше өрімді өреді (міндетті емес). Шаш үлгісін шаш қыстырғыштарымен безендіре алады.  Қол моторикасын дамыту арқылы шаш өру әдісін үйренеді.
«ШЫР»  ұлттық ойыны
08
ноябрь
2024
«ШЫР» ұлттық ойыны
Ойынның мақсаты:  Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді. Ойын құралдары:  түрлі түсті асықтар, шыр ойынының тақтайы Ойын барысы:  Бұл ойынға да екіден төрт- беске дейін бала қатыса алады. Дөңгелек сызық сызып (аумағы екі-үш қарыс) ішіне әр бала бірден, не екіден біріктіріп, (бірінің үстінен бірін емес) топтастырып, асықтарын тігіп қояды. Оны «Шыр» дейді.
«ОЮЛЫ КІЛЕМШЕМЕН СЕКІРУ»
08
ноябрь
2024
«ОЮЛЫ КІЛЕМШЕМЕН СЕКІРУ»
Ойын мақсаты:  Балаларды ұлттық ою-өрнетермен таныстыру. Есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой-өрісін сөз байлықтарын дамыту. Шапшаңдыққа баулу. Ойын құралдары:  оюлы кілемше, оюлы текше. Ойын барысы:  Балалар оюлы кілемшенің екі шетіне отырады. Әр бала өз кезегі бойынша, оюлы текшені ортаға тастап, текшеде қандай ою дөп түседі, сол ою арқылы кілемшедегі бейнеленген оюлармен басып өтуі керек
"Күз ханшайымы"
06
ноябрь
2024
"Күз ханшайымы"
"Күз ханшайымы" - Дүйсенбай Ақторғын Нұрлыбекқызы "Бәйтерек" тобының тәрбиеленушісі Ақторғынның анасымен бірлесіп "Күз ханшайымы" сән байқауына әдемі етіп қалдық бұйымнан дайындаған көйлегі. #күзханшайымы #алтынкүз #күзгіжәрмеңке
"Күз ханшайымы"
06
ноябрь
2024
"Күз ханшайымы"
"Күз ханшайымы" - Бердіқұл Айару Даниярқызы. "Бәйтерек" тобының тәрбиеленушісі Айарудың анасымен бірлесіп "Күз ханшайымы" сән байқауына әдемі етіп фетр бұйымынан дайындаған көйлегі. #күзханшайымы #алтынкүз #күзгіжәрмеңке
"Күз ханшайымы"
06
ноябрь
2024
"Күз ханшайымы"
"Күз ханшайымы" - Азаматқызы Аяулым "Бәйтерек" тобының тәрбиеленушісі Аяулымның анасымен бірлесіп "Күз ханшайымы" сән байқауына әдемі етіп қалдық бұйымнан дайындаған көйлегі. #күзханшайымы #алтынкүз #күзгіжәрмеңке
"Күзгі жәрмеңке" атты қолөнер байқауы
06
ноябрь
2024
"Күзгі жәрмеңке" атты қолөнер байқауы
Бөбекжай-бақшамызда "Күзгі жәрмеңке" атты қолөнер байқауы өткізілді. Байқауға ата-аналар мен балалардың бірлесіп жасаған күзгі тематикадағы керемет композициялық жұмыстар ұсынылды. Жәрмеңке соңында қатысушы ата-аналар мен балаларға диплом берілді.
"Сиқырлы асықтар" ойыны
30
октябрь
2024
"Сиқырлы асықтар" ойыны
Ойын мақсаты:  асықтарды қазіргі заман талабына сай әртүрлі ойындар жасауды жалғастыру. Әртүрлі түсті асықтарды ойын арқылы түстерді бекіту. Балалардың асыққа деген ынталарын арттыру. Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік, сезімталдық, қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорын молайту. Ойын құралдары:   Асықтар, жіп,  текшелер   Ойын барысы:  балалар алдына берілген ағаш тақтадағы асықтарды бір-бірімен жіптер арқылы өткізіп, жинайды. Қол