Серуен
Серуен - бұл балабақшадағы негізгі сауықтыру іс-шараларының бірі, балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың, толыққанды физикалық дамудың, балалардың әртүрлі қозғалыс белсенділігінің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Балабақшадағы серуендеу - күн тәртібіндегі маңызды кезең. Серуенде табиғи құбылыстарды бақылау, зерттеу және еңбек қызметі, ойындар, жеке жұмыстар жүргізіледі. Таза ауада болу арқылы қоршаған орта туралы жаңа әсерлермен, мағлұматтармен танысады. Қысқы серуен. Қарды бақылау.