№37 "Бәйтерек" бөбекжай- бақшасында ересек топтың қатысуымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру жөніндегі кешенді жоспар аясында " Балалар кітапханасы" жобасы негізінде " Мақал -сөздің азығы , жұмбақ - сөздің қазығы" атты іс-шара өткізілді. @taraz_bilim @doshkola_kz @taraz_bilim
Жер сілкінісі орын алуына байланысты №37 "Бәйтерек" бөбекжай- бақшасында 23 қаңтар 2024 жылы "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" ҚР ІІМ 2020 жылғы 2 шілдедегі №499 бұйрығына сәйкес "Жер сілкінісі орын алуына байланысты" сейсможаттығулар өткізілді. Сейсможаттығу өту барысында балалар қауіпсіз тегіс алаңға шығарылды. Тәрбиеленушілерге қауіпсіздік шаралары көрсетілді.
"Толағай"отбасылық спорттық сайысы Мақсаты: Балалардың денсаулығын жақсарту, қимыл қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, балабақша мен ата-ана арасындағы байланысын нығайту. "Бәйтерек"ересек тобы
Тақырыбы: Ас атасы – нан Мақсаты: Балаларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру "Ас атасы – нан" екенін түсіндіру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету. "Балапан"кіші тобы